Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына атақты актриса Хадиша Бөкееваның есімі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы Twitter желісінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жазды. «Бүгін Үкімет отырысында тиісті қаулы қабылданды. Құтты болсын!», деп, Ақ Жайық жұртшылығын құттықтаған өңір басшысы биыл КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның 100 жылдығы тойланғанын еске салды.
Сонымен қатар облыс басшысы Алтай Көлгінов Үкімет қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығына ақиық ақын Қадыр Мырза Әлидің, Оралдағы №30 орта мектепке қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі ресми түрде берілгенін хабарлады.