28 мам, 2022 сағат 20:13

Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып өлтірді


Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін, 28 мамырда Желаев-Орал станцияларының 126-шы аралығында болды. Жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.