Фото: egemen.kz
Оралда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің денесі орманда асулы күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, марқұмның мүрдесі 25 желтоқсан күні сағат 10.30-да Деркөл кентіндегі орманнан табылды.
«21 жастағы жігітке 24 желтоқсан күні іздеу салынған болатын. Ол 21 желтоқсан күні сағат 22.00-де Деркөл кентіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған еді. Мүрде сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.