16 қыр, 2022 сағат 12:51

Оралда жас жігіт екі жаяу жүргіншіні қағып кетті - видео


Оралда жол жиегінде кетіп бара жатқан екі адамды көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 15 қыркүйек күні түнгі 00:30 уақыт шамасында болған. «Volkswagen Golf III» көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, Грэмми мейрамханасының жанындағы жол жиегінде келе жатқан 21 және 20 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.