Полицейлер 72 жастағы зейнеткер өлі табылған үй маңында түсірілген видеоны жариялады. Тәртіп сақшылары мәліметінше, ондағы белгісіз әйелдің қылмысқа қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция департаменті 9 наурызда кешке Зачаганск ауылында пышақ жарақатын алған 72 жастағы әйел өлі табылғанын атап өтті.
"Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктіні іздеу бойынша барлық шара жүргізіліп жатыр. Ол - 35-45 жас шамасындағы бір аяғын сылтып басатын әйел. Оны танығандар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз", - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтан Шалдарбеков.
Полиция анонимділікке кепілдік берілетінін хабарлады.
Еске салайық, оқиға кезінде әйел жекеменшік үйде жалғыз болған. Марқұмның сырғасы, неке жүзігі жоғалған. Үйдегі қалған заттар орнында болған.
822 рет оқылды