01 мау, 2022 сағат 10:57

Оралда тұрғын көпірден секіріп, аман қалды

Фото: ©mgorod.kz

Орал тұрғыны көпірден суға секіріп, аман қалды. Ол "Динамо" спорт базасы маңындағы көпірден суға секіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Оқиға 31 мамырда болған. Ер адам сағат 20:30 шамасында көпірден Шаған өзеніне секіріп, кейін өз бетімен жағаға жүзіп шыққан. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл әрекет себебі анықталуда.

Полицейлер ер адамды судан шығаруға көмектескен. Тұрғынның жеке басы анықталып жатыр, ол шамамен 25-30 жаста.

Басқа мәлімет анықталып жатыр.