Оралда мас күйінде суға батып кетпек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Коминтерн кенті тұсында Жайық өзенінде орын алды.
Сағат 13.57-де жедел құтқару жасағының үш қызметкері бір жүзу құралымен 1987 жылғы әйелді аман алып қалды.
Мас әйел суға кетіп, суицид жасамақшы болған.
Алғашқы психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін азаматша полиция қызметкерлеріне тапсырылды.