Батыс Қазақстан облысында МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.
"13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтату және ары қарай қолдау көрсеті үшін 25 миллион теңге көлемінде - параның соңғы бөлігін алу кезінде БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі Н. Урналиев ұстады", - делінген хабарламада.
Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, параның жалпы көлемі 101 миллион теңге болған.
Қазіргі кезде күдікті Орал қаласы ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.