Орал қаласында саяжай үйі жанып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазан күні сағат 13.05-те орын алды.
«Автодорожник» саяжай серіктестігінде аумағы 50 шаршы метр саяжай үйі отқа оранды.
Өрт жеке құрамнан 5 адам, 1 техниканың күшімен 13.40-та оқшауланып, 13.56-да сөндірілді.
Қазіргі кезде оның шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үй өртеніп, бір адамның ажал құшқанын жазған болатынбыз.