Фото:elements.envato.com
Оралда ер адам өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оралда тағы бір қайғылы жағдай, әкесі өгей қызын зорлаған, тіпті оны әйелі перзентханаға кеткен кезде жасаған. Оның бәріне қыздың сіңлісі де куә болған екен", - делінген жазбада.
Жазба авторларының сөзінше, бүгінде ер адам көлікті мас күйде айдағаны үшін қамауға алынған. Бірақ ол бірнеше күннен кейін үйіне оралады. Қор өкілдері қыздар мен анасының өміріне қауіп төне ме деп қорқады.
"Балаларды құрметтейтін кез келген елде ендігі психологиялық тұрғыдан, анасына көмек көрсету жағынан шара қабылдайтын еді. Күдікті қамауға алынар еді, себебі айыптауларға дәлел бар, бірақ біздің балаларды қорғау жүйемізде әдеттеніп қалған бір әрекет бар, ол: бастапқыда бала мен анасына сенбей, резонанс туғаннан кейін жұмыс істей бастайды", - жазба авторы.