02 там, 2018 сағат 16:28

Оралда мәслихаттың экс-депутаты шартты түрде сотталды

1 тамызда Орал қалалық сотының судьясы Асқар Измайлов Батыс Қазақстан облысы маслихатының бұрынғы депутаты Қайдар Қошановты бес жыл шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 29 наурызда Оралда жол апаты болып, Тoyota Land Cruiser 200 көлігі Самара-Шымкент тас жолында "Лада Приора" және "Ауди" көліктерін соққан.

Тoyota Land Cruiser 200 көлігінің рөлінде Қайдар Қошанов отырған. Жол апатынан "Лада" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Вячеслав Лопухин мен 63 жастағы апасы Надежда Кондрашкина қаза тапқан. "Ауди" көлігінің жүргізушісі жарақаттанған.

Сотта қаза тапқандардың туыстары судьядан Қошановты түрме жазасына кеспеуді сұрады. Мәслихаттың бұрынғы депутаты шағымданушы тарапқа өтемақы төлеуі тиіс. Өтемақы көлемі сот шешімі күніне енген соң белгілі болады.

Қошанов "Болашақ-Т" құрылыс компаниясының бас директоры ретінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісінде фигурант болған.