21 мау, 2022 сағат 09:36

Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды


Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметінше, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған.

"Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомствода.