Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, кеше жедел іздестіру шаралары барысында 1986 жылғы қала тұрғыны анықталып, қолға түсті.
Әйел БҚО полиция департаментінің тергеу басқармасына жеткізілді. Ол «Орал коронавирус анықталды, түнде қала маңындағы Желаев кентінде әйел ауруханаға түсті» деп жалған хабар таратқан болатын.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жалғасуда.