Фото: Polisia.kz
Оралда көлікті айдап кеткен жолаушы жол апатын жасап, көз жұмды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Таңертең патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінде Lexus 570 көлігін тоқтатқан.
"Жүргізуші патрульдік көлікке барған сәтте Lexus жолаушысы рөлге отырып, жасырынуға тырысқан. Абай даңғылы мен Исатай-Махамбет көшесінің қиылысында ол үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзды. Көлік басқарған ер адам оқиға орнында қайтыс болды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.