Фото: Медет Медресов
Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесіндегі қоқыс жәшігінде кішкентай баланың денесі табылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мой Город басылымының жазуынша оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізді.
"Орал қаласында бала денесінің табылуы фактісі бойынша полиция қызметкерлері анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді және оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тексеру жүргізеді", - деп хабарлады БҚО полиция депортаменті.
Аталған оқиға бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сот алды тергеп-тексеру басталды.
