Оралда кәсіпкер қаза тапқан оқиға орнынан видео жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Қаладағы Петр Атоян атындағы стадионның тұрағында ер адам қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, ол - 49 жастағы кәсіпкер. Белгісіз ер адам оған бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Кәсіпкер оқиға орнында көз жұмды.
Полицейлер күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Ал Желіде "Рахат-Лукум" дәмханасының үстіне орнатылған бақылау камераларының видеосы тарап жатыр. Бейнежазбада екі ер адам жүгіріп келе жатқанын, бірінің қолы қанға малынғанын байқауға болады.
7 тамыз таңертеңгі мәлімет бойынша, күдікті әлі ұсталған жоқ. Қалада полицейлердің патрульдік қызметі күшейтіліп, Оралға кірген және шыққан көліктер тексеріліп жатыр.