Фото: Orda.kz
Орал қаласында "Качество PLUS" қаржы пирамидасын құрып, ірі көлемде қаржы ұрлаған қала тұрғыны сотталды. Бас прокуратураның мәліметінше, пирамида 2019-2020 жылдары жұмыс істеген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Инвестициялық жоба деп бүркемелеп, жоғары табысқа уәде берген пирамида құрушы азаматтардан қаржы жинаған. Зиянның жалпы сомасы – 143 миллион теңге.
Бұған қоса, айыпталушы тұтыну және тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің басшысы ретінде өзін тағайындап, тағы 161 миллион теңгені ұрлаған.
Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға және 10 жыл бойы қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салуға үкім шығарды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.