28 мам, 2022 сағат 20:02

Оралда қантқа таласқан жұрттың бейнежазбасы тарады


Оралда қантқа таласқан жұрттың көрінісі әлеуметтік желі арқылы тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға 28 мамыр күні таңертең Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесінде орналасқан «Алтындар» супермаркетінде болды.

Олардың сөзіне қарағанда, аталған супермаркетте мұндай жағдай күн сайын қайталанып отырады.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жұмагелді Батырниязовтың түсіндіруінше, «Алтындарда» қанттың әр килосы 370 теңгеден арзанға сатылып жатқандықтан, осындай жағдай орын алуда. 

«Басқа сауда орындарында ондай сабылыс жоқ. Мысалы, «Дина» супермаркетінде қанттың әр килосы 442 теңгеден емін-еркін сатылуда», - деді Батырниязов.