30 қыр, 2019 сағат 17:12

Оралда ер адам танысын пышақтап өлтірді

Оралда ер адам танысын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қыркүйек күні болды.

Бәйтерек ауданының 1964 жылғы тұрғыны Орал қаласындағы танысының үйіне келген.

Арақ ішу барысында ол шамамен сағат 15.00-де 1985 жылғы азаматтың кеуде тұсынан пышақ сұққан. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Зачаган полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Қылмысын мойындаған күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдары жүргізілуде.