Оралда ер адам полиция пунктінің жанында дәрет сындырған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
"55 жастағы ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол өзінің іс-әрекетін ақылы дәретханаға ақшасы болмады деп түсіндірді.
Ер адам полиция қызметкерлері абыройына нұқсан келтіргісі келмегенін түсіндірді" - делінген хабарламада.