28 нау, 2018 сағат 15:03

Оралда ер адам басына шатырдан мұз кесегі түсіп, қаза болды

Оралда ер адам шатырдан түскен мұз кесегінен қаза болды, - деп хабарлайды "Уральская Неделя".

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев бұл оқиғаның бүгін, 28 наурызда болғанын айтады.

"Гумар Караш көшесінде төтенше жағдай болды - орта жастағы ер адамға мұз түсіп кетті. Ер адам оқиға орнында қаза болды. 2 минутта оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның өлімін тіркеді", - деп хабарлады Қанат Төсекбаев.

Дәрігердің айтуынша, ер адамның қанша жаста болғаны және осы оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.