ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Мұрат Оспановтың түнгі клубта жүргені жайлы видео YouTube-та жарияланғаннан кейін шенеунік жұмыстан шығып қалды.
"Оспанов министрліктің жауапты хатшысының 2018 жылдың 18 сәуіріндегі №211-ж бұйрығымен атқарып отырған қызметінен өз еркімен босатылды", — деп хабарлады "Мой город" порталына облыстық мемлекеттік қызмет департаментінен.
Видео 12 сәуір күні жарияланды. Онда Оспановтың қолтығынан демеп "Эльдивино" түнгі клубынан сыртқа шығарып жатқаны көрінеді. Осыдан кейін қызметтік тексеріс жүргізілді. Шенеуніктің өзі денсаулығы сыр беріп, қызметкерлер клубтан шығуға көмектескенін айтып ақталды. Кейінірек жазба YouTub-тен өшірілді.