24 шіл, 2020 сағат 13:10

Оралда бұрынғы әйелі мен қызын сыртынан жауып, үйді өртеген тұрғын қамауға алынды

Оралда бұрынғы әйелі мен қызын сыртынан жауып, үйге от қойған тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 139-бабы тәртібімен Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. 

Аталған ер адам 20 шілде күні сағат 22.40 шамасында Зачаган кентіндегі Құс фабрикасы ауданында бұрынғы әйелінің үйіне от қойып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған күдікті қылмысын мойындаған. 

Осы қылмыс бойынша Зачаган полиция бөлімі ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде. 

Сараптамалар тағайындалды.