29 ақп, 2020 сағат 10:57

Оралда балық аулау кезінде мұз ойылып, ер адам суға батып кетті

Оралда балық аулау кезінде мұз ойылып, ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең Деркөл ауылындағы Шаған өзенінде орын алды.

Сағат 09.10 шамасында 1960 жылғы ер адам мұз ойылып, киімімен өзенге батып кетті.

Марқұмның денесі жедел құтқару жасағының күшімен (6 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 10.29-да судан шығарылды.