Фото: Polisia.kz
Батыс Африка азаматшасы БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
14 қыркүйекте БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “STOP-Трафик“ жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 жылы туған Орал қаласының тұрғынын анықтаған.
Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 жылы туған бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған.
ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.