Фото: depositphotos.com
ҚМА БҚО бойынша Департаментімен Орал қаласында алынған заңсыз темекінің кезекті партиясы жойылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, құны 967 млн теңгеден асатын 1,6 млн қорап темекі жойылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобын анықтаған болатын.
"Соттың шығарған үкімі негізінде олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды.
Сондай-ақ, басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған болатын.
Осы сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды" - делінген хабарламада.