04 там, 2020 сағат 17:35

Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 24-125-бабы 2-бөлігіне (адамды ұрлауға оқталу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда 63 жастағы ер адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.