Фото: pixabay.com
Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап, қаза тапты. Оқиға 17 наурызда болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жедел жәрдем станциясына сағат 13:17-де хабарлама түскен.
Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.
БҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.