21 қар, 2019 сағат 08:35

Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Нұр көшесі 5-үй маңында белгісіз жүргізуші 10 жасар қызды қағып, бой тасалаған болатын.

Бүлдіршін қыз сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнына жедел тергеу тобынан басқа полиция департаментінің басшылары барып, күдіктіні ұстауға жеке құрам жұмылдырылды.

Нәтижесінде қызды қаққан 1986 жылғы жүргізуші ұсталды, ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.