Орал қаласының тұрғыны нан қыртысынан шыбын тауып алды.
Бойжеткен наубайхана жанындағы дүкеннен екі нан сатып алған.
"Нанды алып, наубайханаға бардым. Меңгеруші бөлкедегі шыбынды тырнап алып тастап, мұндай жағдай бізде болып тұрады деді. Содан кейін нанды алмастырып берді. Алайда ол маған берген бөлкеде де шыбын болды", - деп "Мой город" порталы сатушының сөзінен үзінді келтірді.
Наубайхана меңгерушісі шыбын көп екенін айтады. Наубайханада әр жерге тұзақ жем ілінген.
"Нан пісіру процесі қиын, біз түнгі ауысымда жұмыс істейміз. Шыбын нанның өзінде емес, қыртысында болды. Нанды пісірмес бұрын, қалыпқа өсімдік майы жағылады, шыбындар, әрине, сол жаққа ұшады. Оны байқамай қалса керек, қалыптың түсі қара", - деді наубайхана қожайыны.