Қазақстан Үкіметі "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС-ға Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.
Қаулы 2022 жылдың 18 наурызында қабылданған.
"Орал халықаралық әуежайы" жеке шаруашылық серіктестігіне Мәншүк Мәметованың есімі берілсін", - делінген қаулыда.
Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
2021 жылы қоғам белсенділері мен депутаттар Орал әуежайына БҚО тумасы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімен беру туралы айтқан еді. Кейін Батыс Қазақстан облысының облыстық мәслихат сессиясында шешім шығарылды.
Мәметова Қызыл әскер қатарында борышын өтеп, пулеметші болған. Ол 1943 жылы күзде дүниеден озды. Ержүрек ару соғыста 70-ке жуық жау әскерін жайпаған. Оған өлімінен кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.