Министрлердің бірлескен мониторинг комитетінің 39-шы отырысы және ОПЕК+ 27-ші министрлер кездесуінің қорытындылары туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, 31 наурызда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Келелі басқосуға Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты.
Отырыс барысында ақпан айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды.
Оның қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 432 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
2022 жылғы мамырдағы міндеттемелер тәулігіне 1,638 млн баррельді құрайды.
Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады.