07 ақп, 2020 сағат 10:10

Оңтүстікте күн 20 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қара теңіз циклоны 7 ақпан күндіз Батыс Қазақстанға қарай жылжиды, ал таңертең Солтүстік Қазақстанға бет алып, бұрқасын, қар және күшті екпінді жел ала келеді.

Циклонмен байланысты атмосфералық фронттар батыстан шығысқа ығысып, қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан күшті жел тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстік облыстарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Циклон мен фронттардың артынан Қазақстанға солтүстік теңіз акваторияларынан арктикалық суық ауа массалары келеді. Бұл батыс және солтүстік облыстарда күн суытуына себеп болады.

Қалған аймақтарда ауа температурасы демалыс күндері бұрынғыдай күндіз 0…плюс 8°С, оңтүстікте - 10…15°С, қиыр оңтүстікте - плюс 20°С-қа дейін жылынады