30 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында төл мереке – жеке құрам өңірлік қолбасшылықтың құрылғанына 51 жыл толу датасын да атап өтті.
Қолбасшылықтың қысқаша тарихына тоқтасақ, 1966 жылдың 30 қыркүйегінде КСРО қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігінің бұйрығымен Алматыда 5449 әскери бөлімі құрылған болатын. Әскери бөлімге еліміздің оңтүстік өңірінде тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттері сеніп тапсырылған. Алғашқы командирі майор Иван Чеканов болды.
Өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік қызметінің шежіресі даңққа толы. Мәселен, 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында 5449 әскери бөлімінің жеке құрамы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, құрметке бөленді.
1988 жылы Әзірбайжанның Баку, Агдам, Кировабад қалаларында, Арменияның Степанакерт, Ленинакан, Спитак қалаларында, 1989 Грузия астанасы Тбилиси, Өзбекстанның Ферғана секілді қалаларында, артынша 1990 жылы Тәжікстан астанасы Душанбеде, Қырғыз елінің Ош қалалаларында болған үлкенді-кішілі бұқара қақтығысы кезінде қарсыласқан тараптарды ажырату бойынша жауынгерлік-қызметтік тапсырмаларды мүлтіксіз орындады.
Бүгінгі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қарамағына 11 әскери бөлім қарайды. Ол әскери құрылымдар Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың әскери қызметшілері күнделікті қырағы қызмет атқаруда. Олардың арасында өздерінің ерліктерімен көзге түскен бейбіт күннің батырлары да баршылық. Олар – ІІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері лейтенант Жандос Баянбаев, ІІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері лейтенант Ербол Отарбаев, өздерінің қырағы іс-әрекеттерінің арқасында Жетіген кентінде жоғалған Айзада Авлатарованы тауып, отбасына аман-есен жеткізген 5571 әскери бөлімінің іздестіру тобының жетекшісі аға лейтенант Рустам Сердалинов, Алматы қаласы Жетісу ауданында қарақшыны қолға түсірген қолбасшылық офицерлері майор Исмайыл Қадыров пен майор Павел Фещенко, Тараз қаласында төтенше жағдайда батыл қимылдаған 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері қатардағы жауыынгерлер Аман Әженов, Юрий Бажин, Юрий Дылюк, 9 жасар баланы ажалдан арашалап қалған әскери жасақ құрамы қатардағы жауынгер Аманжол Абзамов, Досбол Аяпбергенов, Ізбасар Сатыбалдиевтерді атауға болады. Олардың ерліктері барша отандастармызға үлгі.
Бүгінгі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығын тәжірбиесі тоғысқан басшы генерал-майор Қайрат Ақтанов басқарады. Қолбасшының қасына қызметімен дараланған офицерлер тоғысқан. Қолбасшының әр сала бойынша орынбасарлары генерал-майор Андрей Қаскелеңов, полковник Сабыржан Сүлейменов, полковник Константин Қуатов, полковник Алексей Жуков, подполковник Нариман Көпеевтер әскер басқару қызметіне үлгілі, әрі білікті басшылық жасауда. Сондай-ақ, жиырма жылдық тәжірибесі бар, қолбасшылыққа еңбегін сіңдірген сардарларды атап өткеніміз жөн. Олардың қатарында полковниктер: Сағитжан Тазабеков, Ғанимат Амиров, Анатолий Логин, Тұрарбек Берекетов, Айбек Асанов, Талғат Ахметов, Данияр Әбдібеков сынды өз ісінің білікті мамандарын атауға болады.
30 қыркүйек күні Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы төл мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылып, құттықтау лебіздері тыңдалды. Жиынға ардагерлер, әскери бөлімдердің жеке құрамы сондай-ақ, Алматы қаласының жергілікті басқару, өзара әрекет ету органдары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, мерекелік концертті тамашалады.
Майор Арман ӘУБӘКІРОВ