Қазіргі әлемдік геосаясы тұрақсыздық уақытында қорғаныс саласын дамыту маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы ретте Қазақстан тұрақты даму жүйесіне түскенін айтуға болады.
Қазақстанның әскери бюджеті 2024 жылы шамамен 1,21 млрд АҚШ долларды құраса, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда өсім бар екенін көрсетеді. Мемлекеттік жоспар бойынша елімізде қорғаныс саласын дамыту әлі де жалғасын таба береді.
Қорғаныс саласының мүмкіндіктері елдің технологиялық, экономикалық әл-ауқатының көрсеткіші деуге болады. Қорғаныс саласына жаңа технологияларды енгізу, цифрлық дәуірге бейімдеу мемлекеттің басты жоспарларының ішіне кіреді.
Қазақстанда қорғаныс саласында қырыққа жуық өнеркәсіп жұмыс істейді, онда 8 мыңнан аса жұмысшы бар көрінеді.
Мемлекеттің басты стратегиялық бағыты – жергілікті өндіріс үлесін 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту арқылы импортқа тәуелділікті азайту.
