Таяу күндері оңтүстік өңірлерде мұнай өнімдеріне қатысты жағдай тұрақтанады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«13 маусымнан бастап Шымкент мұнай өңдеу затында бензин өндірісі технологиялық режимге шықты, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіру 6,5 мың тоннаны құрады. Дизель отынының өндірісі қалпына келтірілді, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіру 6 мың тоннаны құрады. Өндірістің бұл көлемі оңтүстік өңірдің қажеттіліктерін жауып тұр», - деп тоқталды Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде мұнай өнімдерін тәуліктік тұтыну: Аи-92 бензині бойынша 5,31 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша 5,6 мың тоннаны құрайды.
«Сонымен қатар, жөнелтіп тиеуге қатысты Шымкент мұнай өңдеу затының логистикалық қиындықтары болды. Соңғы күндері өндірілген мұнай өнімдерінің тек жартысын ғана жөнелту мүмкін болған. «ҚТЖ»-АҚ-бірлесіп тиісті консультациялар жүрігіліп, отынды жөнелту көлемі қалпына келтірілді. Алдағы күндері темір жолмен 4,3 мың тонна бензин мен 4,2 мың тонна дизель отыны оңтүстік өңірлерге жөнелтілмек. Бұған қоса, Шымкент мұнай базасы арқылы құбырмен 1,2 мың тоннадан бензин мен дизель отыны бағытталады. Осыдан кейін автомобиль көлігімен жанар-жағармай құю станциялары жүйелеріне таратылады. Бұл қадамдар таяу күндері жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі елімізде 6,7 млн тоннаны құрады.
Мұнымен қоса, ол бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізудегі ақауға байланысты тиісті іркілістер болғанын еске салды. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда физикалық көлем индексі мұнай өңдеу бойынша 109, 5 пайызды құрады. 1 млн 853 мың тонна бензин, 1 млн 879 мың тонна дизель отыны шығарылды.