30 мам, 2022 сағат 16:28

Өңірлерге 152 вагон қант жеткізіледі – министрлік


Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан теміржолы компаниясымен бірлесіп өңірлерге қант пен қант шикізатын кедергісіз жеткізу мәселесі шешілгенін мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, жергілікті билік орындарына жеткізілетін өнімді жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды.

"28 мамырдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ облыста стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша теміржол арқылы қант тиелген 152 вагон тасымалданады. Бұдан басқа өңдеуге арналған құрақ қант шикізаты бар 116 вагон тасымалданып жатыр. 

Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады.

Облыс әкімдіктеріне қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды" делінген ресми хабарламада.

Министрлік мәліметінше, отандық зауыттарда қант өндірісі тоқтамайды. Оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылып, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады. Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.