11 мам, 2022 сағат 13:46

Өңірлердегі дизель бағасы әртүрлі - Әсет Мағауов


ҚР Энергетика вице-министрі дизель бағасы Әсет Мағауов өңірлерде оның тасымал шығынына байланысты әр түрлі болып белгіленгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұнай өңдеу зауыттарымен келісім бойынша дизельдің тоннасына 212 мың теңге, литріне 176 теңге баға белгіледік. Оған өңірлерге жеткізу және мұнай базаларында сақтау шығындарын қосуға болады. Операторлар шаруаларға жеңілтеділген бағамен жанармай жеткізу үшін қаржы тартып, шығындалып жатады. Соған байланысты өңірлерде баға құбылуы мүмкін. Мұнай өңдеу зауыттарына жақын өңірлерде баға арзандау болса, алыстаған сайын баға өсе түседі. Бірақ қайткенде де ол баға жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан арзан. Орталық және оңтүстік өңірлерде жанармай құю стансаларына литріне 260 теңге деген баға белгіленген. Ал солтүстік және шекарадағы өңірлерде 260 теңге болып белгіленген. Қазір солтүстік аймақтарда дизельдің бағасы литріне 250 теңгеден айналады», - деді Әсет Мағауов.

Оның айтуына қарағанда, осы белгіленген бағаны өсірген жанармай стансалары жауапқа тартылуы мүмкін.

«Егер жанармай құю стансаларында шекті бағаны сақтамау фактісі белгілі болса, Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігінің тарапынан тиісті тексеру жүргізіліп, ұйғарым толтырылады», - деді вице-министр.