02 ақп, 2021 сағат 07:47

Өңірлерде қажетсіз жобаларды анықтайтын тетік енгізілмек

Өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде нысанды салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісу енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуы министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыру кезінде үлгілік жобаларды міндетті түрде қолдану заңнамамен белгіленген. Биыл 10 қаңтарда сараптаманың оң нәтижесі бар 150 жобаны құрайтын құрылыс жобаларының банкі іске қосылды», - деді министр 

Оның айтуынша, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап сараптама порталында әлеуметтік нысандар құрылысы құнының шекті лимиттерін белгілейтін Онлайн-калькулятор іске қосылды.

«Бюджет заңнамасында тыйым салынған енді бюджеттен расталған қаржыландырусыз жобаларды әзірлеуге жол берілмейді. Қосымша, өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде нысанды салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісуді ұсынамыз», - деді Бейбіт Атамқұлов.