Еліміздің барлық өңірінде 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орталығы ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Фейсбук парақшасында хабарлады.
«Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін 60-тан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр.
Яғни қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады.
Бұл кезектілік мәселелерін шешуге әсер етіп, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға және сапалы бағалауға септігін тигізеді», - деп жазды ол.