29 қазан күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Жаңақорған ауданының Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған «Өнер қонған – Қызылорда» атты көркем өнерпаздардың облыстық өнер фестивалі өтті.
Фестивальдің концерттік бағдарламасы «Арайлы Ақмешітке – Қаратаудан қоңыр саз» деп аталды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне толықтай жаңғырту жұмыстары демеушілердің қаржылық көмегімен жүргізілді. Бұл Жаңақорған ауданының Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына жасаған тартуы. Ескерткіш аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды, керамогранитпен қайта қапталды. Жаңақорған ауданы күндері барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев ескерткіштің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Бұған дейін Қызылорда қаласында Жалағаш, Арал, Қазалы және Шиелі аудандарының күндері өтті. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойына тарту ретінде "Жалағаш-жырдың мекені" көрмесі ұйымдастырылып, «Арал тартуы» мен «Жалаңтөс бахадүр» аллеялары, «Еңбек аллеясы» жаңғыртылды.