Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс халқы ертеңнен, яғни 27 маусымнан бастап үйлеріне қайта алатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат.
«Ертең сағат сегізден бастап қала ашылады. Сағат таңертеңгі алтыдан бастап автобустар келе бастайды» деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шымкент қаласының əкімі Ғ.Əбдірахымов Темірлан тас жолын бөгеп, наразылық танытқан Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Онда арыстықтар ауылдарына қайтқысы келмейтінін, Шымкент немесе Түркістан қаласынан баспана беруін талап еткен болатын.
Ал еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдерімен кездесуде Арыс қаласында ешқандай радиация жоқ екенін мәлімдеді.