Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ДСМ басшысы омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған - биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.
"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.