17 ақп, 2022 сағат 21:01

«Омикрон» штамы қарт адамдардағы негізгі ауруларды асқындырып жіберуі мүмкін - Ержан Төлегенов


«Омикрон» Covid-19 вирусының жаңа штамы және осы вирустың мутациясының нәтижесі болып табылады. Бұл туралы Алматыдағы №11 қалалық емханасының мобильді тобының дәрігері Ержан Төлегенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, алғашқы штамдар секілді «омикронның» да өзіндік инкубациялық кезеңі, клиникалық көрінісі мен асқынулары болады. 

«Егде жастағы адамдар инкубация кезеңі өтіп жатқан адаммен байланыста болғанда жаңа штамды жұқтыруы мүмкін. Омикронның симптоматикасы ЖРВИ-ге өте ұқсас, тіпті, кейбір науқастар вирустың тасымалдаушысы екенін білмеуі де мүмкін. Осылайша олар вирусты басқа адамдарға, туыстарына да жұқтыра алады. Нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды нашарлап, ересектер арасында аурушаңдықты арттырады», - деді Ержан Төлегенов. 

«Омикрон» белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Бас ауруынан бастап, айқын ентігуге дейін. 

Спикердің айтуынша, негізгі белгілері – бас ауруы, мұрыннан су ағу, жұтынғанда тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, омыртқа, буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну. Егер диагностикалық және емдік шаралар дер кезінде басталмаса, денсаулық нашарлай түседі. 

«Егде жастағы адамдарға келер болсақ, олардың созылмалы аурулары бар екенін, атап айтқанда, олардың көпшілігі жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулармен, қант диабетімен ауырады, өкінішке орай, «омикрон» негізгі ауруды ауыр асқындыруы мүмкін», - деді дәрігер. 

Ержан Төлегенов Covid-19-ға қарсы иммунитетті дамытудың тұрақты және қауіпсіз жолы вакцинация екенін тағы да еске салды.