Бүгін Бейжің Олимпиадасында өтуі тиіс фристайл акробатика жарысы ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгін Олимпиадада әйелдер арасындағы фристайл акробатика жарысының іріктеу мерзімі өзгерді. Мұндай шешім шара өтетін жерде ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған. Енді ол 14 ақпанға ауыстырылды. Нақты уақыт кейінірек анықталады", - ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу жарыс кестесіне сәйкес, бүгін Нұр-Сұлтан уақытмен 17:00 де өтуі тиіс болатын. Бұл додада Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынайды.