Ресейлік кәсіпкер Олег Тиньков ресейлік биліктің Украинадағы әрекеті туралы ойын ашық айтқаннан кейін алғаш рет New York Times газетіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Экс-банкир "Тинькофф" банкіндегі үлесті сату туралы шешімді қысым жасалғандықтан қабылдағанын айтады. Ол үшін бәрі аз ғана уақытта шешілген. Нәтижесінде Олег Тиньковтің отбасынан TCS Group Holding-тің 35 акциясын Владимир Потаниннің "Интеррос" компаниясы сатып алған.
"Мен бағасын талқылай алмадым. Тұтқынның жағдайында болдым - саған ұсынған нәрсені қарсыласпай аласың", - дейді экс-банкир.