27 қаз, 2021 сағат 14:04

"Ол кетіп қалды". Мәжіліс отырысында депутат министрлерді шатастырып алды


Мәжіліс отырысында депутат Азамат Әбілдаев сөз сөйлеп тұрған спикердің атын шатастырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады, кейін депутаттар оған бірінен соң бірі сұрақ қоя бастады. Брекешевтің сөзі шамамен 20 минутқа созылып, кейін депутат Азамат Әбілдаев сөз алған.

"Құрметті Асқар Оразәліұлы (Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров. – ескерт), сізге қояр сұрағым бар...", – деп бастады мәжіліс депутаты.

Осы сәтте депутаттың сөзін палата спикері Нұрлан Нығматулин бөлді.

"Асқар Оразәліұлы кетіп қалды, ол басқа заң жобасы бойынша келді, бұл Серікқали Аманғалиұлы", - деді Нығматулин.

Депутат күліп, қолына ұстаған қағаздарын үстелге қойды.