16 сәу, 2022 сағат 11:31

Оқушы қызбен жыныстық байланысын жұрт біліп қояды деп қорыққан педагог өз-өзіне қол жұмсады

© elements.envato.com

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Бағалы ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлаған педагог өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Тобыл Инфо" басылымына сілтеме жасап.

42 жастағы ер адам Қостанайдан келген адамдармен жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Төбелес кезінде мұғалімнің кәмелетке толмаған қызбен ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынасқа түсіп келгені анықталады.

"Жыныстық қатынас қыз мектепте оқып жүргенде болған. Кейін ол Қостанайға көшіп кетеді, қазір жасы 17-де. Бойжеткен онда 50 жастағы ер адаммен танысып, мұғаліммен болған алғашқы жыныстық байланысы туралы айтқан. Ер адам педагогтің сазайын тарту үшін келген, сондай-ақ зорлау туралы арыз жазамын деп қорқытқан", - деді аудан тұрғыны басылымға.

"Шамасы, мұғалім қысымға төтеп бере алмай, 6 сәуірде асылып өлді" делінген ақпаратта. Марқұмның отбасы, үш баласы бар.

"Иә, Әулиекөл ауданында өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды", - деп растады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Іс СДТБТ-ға тіркелді, тексерулер жүріп жатыр.