16 шіл, 2020 сағат 17:00

Өкпені жасанды желдету аппараттары мен 11 тонна спиртті елге заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

15 шілде күні қазақстандық шекарашылар Қазақстанға заңсыз жолмен 23 өкпені жасанды желдету инвазивті емес аппараты мен 11 тонна этил спиртін алып өтпек болғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Заңсыз заттарды «Қарасу» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетінен алып өтпек болғандардың тиісті құжаты болмаған. 

Ұйымдастырушылар ӨЖЖ инвазивті емес аппараттарын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған, ал этил спиртін құжатта «қолға арналған гигиеналық құрал» деп көрсеткен. 

Қолға түсірілген инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппараттары мен этил спирті Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. 

Айта кетейік, осы өткізу бекетінде бірнеше рет заңсыз жолмен медициналық бұйымдар мен спирт өнімін алып өтпек болған адамдар ұсталған еді.