Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді.
Осы ретте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті электронды түрде қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында электронды түрде қызмет алу тәсілдері бойынша екі тілде бейнеролик әзірлеп, «memkyzmet.kz» сайтының «egov.kz» айдарына орналастырды.
Бүгінде электронды түрде көрсетілген қызметтер үлесінің төмен болуы, халықтың компьютерлік сауаттылығының төмендігі мен қызметтерді электронды түрде алу тәсілдерін жетік меңгермеу салдарынан орын алуда. Электронды қызмет алу тәсілдерін меңгеруге септігін тигізетін бұл бейнеролик, алдағы уақытта өз жемісін береді деп сенеміз дейді департамент мамандары.
Бұған қоса, аталған бейнеролик облысымыздағы 33 ХҚКО бөлімдерінде 2 ай көлемінде көрсетіліп, барлық мемлекеттік мекемелердің дербес жұмыс компьютерлеріне орналастырылды. Сонымен бірге, ОҚО аймақтық оқыту орталығы мен жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде көрсетілетін болады.
Аталған бағыттағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 9 қарашасында облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлердің ХҚКО бармай мемлекеттік қызметтерді «egov» порталы арқылы электронды түрде қызмет алуды тапсырды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі